Арон Атабекті қолдаушылар рақымшылық сұрап, мыңға жуық қол жинады
Фото: КМБПЧ
Қазақстан халқы президент әкімшілігіне «Шаңырақ оқиғасына» қатысушы, ақын Арон Атабекке рақымшылық жасау туралы өтініш жолдады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
- ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық үндеу жолданды! 2,5 мыңнан астам қол жинап, 377 репост жасалды. Көп рахмет! - деп жазды құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook-те.
Еске салсақ, Алматы маңындағы Шаңырақ ықшамауданының тұрғындары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қақтығыс болды. Билік заңсыз салынған деп таныған үйлерді бұзуға тырысты. Қақтығыс кезінде 24 жастағы полицей Әсет Бейсенов отқа оранып, мерт болды.
Оқиғадан кейін Атабектен басқа Құрманғазы Өтегенов, Ерғанат Тараншиев пен Рүстем Тұяқов бас бостандығынан айырылды.
2006 жылы «Шаңырақ ісі» бойынша Арон Атабек 18 жылға сотталды.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Атабекті «ар-ождан тұтқыны», «саяси тұтқын» деп таныды. Ақын жазасының көп бөлігін өтеген, 14 жыл абақтыда қамауда отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық