Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салуға жүзге жуық адам жиналды
фото: Orda.kz
Бүгін диссидент ақын Арон Атабектің денесі жер қойнауына тапсырылды. Orda.kz редакциясының тілшілері оны ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты.
Кеше, 25 қараша кешкі сағат 18:00-де Атабектің қонақасы болған. Бүгін жаназасы оның қарындасы Рәзия Нутышеваның үйінде оқылды. Жаназа сағат 10:00-де оқылды. Осы уақытта Рәзия Нутышеваның үйіне жетпей бір жарым шақырым жерде полиция қызметкерлері жолды жауып тұрды. Себеп ретінде жолдың тазаланбағаны айтылды. Көлігі барлар көліктерін тастап, әрмен қарай жаяу баруы тиіс екені ескертілді.
Қара көлік бастаған көліктер легі Бағанашылдағы зиратқа жол тартты. Бас-аяғы жүзге тарта адам болған. Зират басына оппозиция өкілдері мен тіркелмеген партия мүшелері қосылды. Жерлеу рәсіміне Нұржан Әлтаев, Жанболат Мамай, Еркін Рақышев, Балташ Тұрсынбаев, Жасарал Қуанышалин және партия жақтастары мен белсенділер келді. Қосылған адамдармен қоса есептегенде зират басында 200-ге жуық адам жиналды. Адам қарасы көп жерде әкімдік қызметкерлері мен, камера ұстаған азаматтар да болды.

Арон Атабектің денесін көліктен түсіргеннен кейін табыт жанына жиналғандар сөз алып, еске алу сөздерін айтты. Мұратбек Есенғалиев пен Жасарал Қуанышалин диссидент ақынның түрмеден шыққаннан кейінгі хәлі мен айтқан сөздерін еске алды.

– Арон ағамыздың қарындасының айтуынша, ауруханаға бара жатқан кезде жедел-жәрдем көлігінде жатып «Бисмиллях» деп айтқан екен. Өзі жатқан емхананың адамдары намазхан кісілер болған, олар да ағамызға кәлима айтқызған екен. Сондықтан Арон Атабек мұсылман болып дүниеге келді, мұсылман болып дүниеден өтті.
Еске салсақ, 24 қараша кешкі сағат 20:45-те диссидент ақын Арон Атабек 68 жасында көз жұмды. Ол «Шаңырақ» оқиғасына қатысты 18 жыл түрмедегі жазасының 15 жылын өтеп, денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылған. Кейін Арон Атабек жасанды тыныс алу аппаратына қосылғаны белгілі болды. Артынша диссидент ақын жансақтау бөліміне түскен.
Арон Атабек 2006 жылдың 14 шілдесіндегі «Шаңырақ оқиғасынан» кейін 18 жылға сотталған. Шаңырақтағы қақтығыста 24 жастағы полиция қызметкері қаза тапты, оны бағанаға байлап, өртеп жіберген. Сол кезде ақын қылмысқа нұсқаушы ретінде жауапқа тартылған болатын
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық