«Арнатовтықтар» ҰҚТ: Жезқазғанда «Шерзат ісіне» ұқсас қылмыс ашылды
Фото: Envato
Жезқазғанда ұйымдасқан қылмыстық топтың қолынан Медет Ислам қаза тапты. Екі жыл бойы әділ үкімге жете алмаған марқұмның туыстары Алматыда баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Істің мән-жайымен Orda.kz тілшісі танысты.
2023 жылы 13 қыркүйекте Жезқазған қаласының орталығында 35 жастағы Медет Ислам бес жерінен пышақталып, оқиға орнында көз жұмды. Қанды оқиғаға Жезқазғанда танымал «Арнатовтықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының 12 мүшесі қатысқан. Бір жыл тергеу жүргізілгеннен кейін, 2024 жылдың қазан айында сот алдында 5 адам ғана жауап берді.

Алайда сот үкімі бойынша үш адам ғана сотталды:
-
Азамат Балтабай – ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.
-
Қайрат Замангожин – ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.
-
Рысбек Совет – ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, екі жыл екі ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Тағы үшеуі сот залында бірден босатылды, ал алтауы мүлдем жауапқа тартылмады. Екі жылға сотталғандар осы жылдың сәуір айында мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін. Адвокат Инга Иманбай бұл қылмысқа қатысы бар адамдардың кемінде 20 жылға сотталуы керек екенін айтады.

«Бұл қылмысты 12 адам жасаған. Бірақ тек бір адам еріксіз кісі өлтіргені үшін жазасын алды, екі адам бұзақылық үшін сотталды. Бұл жерде бұзақылықтың ізі де жоқ. Бұл ҚР ҚК 99-бабы бойынша "Алдын ала сөз байласып, ұйымдасқан топпен адамды қасақана өлтіру" ретінде қайта тергелуі қажет. Біз Бас прокуратураға істі қайта қарау туралы өтініш жазамыз», – деді адвокат.
Жезқазғандық ағайындылар қылмыстық іс бойынша 12 адамның қатысы бар деп санайды және көшедегі бақылау камерасына түсірілген төбелес видеосын дәлел ретінде ұсынды. Олардың пайымдауынша, оқиғаның артында ықпалды Қуаныш Уайдин тұруы мүмкін. Бұл туралы олар желіге жүктеген бейнеүндеуде де айтқан. Алайда тергеу органдары бұл мәлімдемелерге назар аудармаған.
Ал Қуаныш Уайдин өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, ағайындыларды жала жапты деп сотқа берген. Бірақ Саят Исламның айтуынша, сот оның талабын қанағаттандырмаған.
Баспасөз мәслихатына жиналған марқұмның туыстары істің қайта қаралуын талап етті. Медеттің ағасы Қайсар Әбдіғалел дәлел ретінде қолдануға болатын бейнежазбалардың өшірілгенін, куәгерлердің тергелмегенін айтты. Оның сөзінше, ұйымдасқан қылмыстық топ полициямен тығыз байланыста.Ол бұл іс пен «Шерзат ісінің» ұқсастығына назар аударып, қаланы бақылауда ұстайтын қылмыстық топтың жазасыздығына алаңдаушылық білдірді.
«Бұл "Арнатовтықтар" қылмыстық тобының алғашқы қылмысы емес. Біз білетіндей, бұған дейін де кемінде 3-4 кісі өлімі болған. Олардың былықтары өте көп, көбісі сотқа да жетпейді. Сонымен қатар, бұл қылмыстық топ жақында ғана "мемлекеттік мүлікті ұрлау" бабы бойынша тергелді. Олар мемлекет меншігіндегі құбырды ұрлап, 288 миллион теңге залал келтірді. Іс бойынша төрт фигурант 3-4 жылға сотталды. Алайда апелляция кезінде қайта сараптама жүргізіліп, мемлекетке келтірілген залал небәрі 1 миллион теңге деп есептеліп, барлық сотталушылар босап шықты», – деді Қайсар Әбдіғалел.
Шамамен бір ай бұрын мемлекет бірінші инстанциядағы үкімнің күшінде қалуын сұрап, кассациялық шағым түсірді. Orda.kz алдағы уақытта осы жағдайды назарда ұстайды.
Жаңалықтар
- Құлыбаевтар Halyk Bank-тегі үлестерінің бір бөлігін сатпақ
- Мәжілісмендер балалары мен науқас туыстары бар ата-аналардың жұмыс күнін қысқартуды ұсынды
- Ақмарал Әлназарова елде өршіген тұмауға қатысты пікір білдірді
- БҚО-да 10 жастағы қыз зорланғаннан кейін шенеуніктер тергеуге алынды
- «Кеше сүндет той, бүгін жаназа»: Алғабаста 12 адамды жалмаған өрттен аман қалуға мүмкіндік болды ма?
- «Қолын байлап кетіп қалған»: Қарағандыда бір әйел 4 жастағы ұлын азаптады
- Алғабаста өрттен қайтыс болған отбасы жайлы не белгілі?
- Ұлтаралық алауыздық қоздырған «Северный Казах» бас бостандығынан айырылды
- «Өрт қауіпсіздігінің жақсарғанын көрмедік»: Бектенов Жетісайдағы трагедияға қатысты пікір білдірді
- Түркістанда 12 адамның өмірін жалмаған өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды
- Тоқаев Астанада қаза тапқан фельдшерді марапаттады
- Қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі, қажет болса зардап шеккендер Астанаға жеткізіледі — Бозымбаев
- Астанадағы үйдің құлаған қасбеті: Екінші фельдшер мен басқа да зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
- «Қайраттың» «Олимпиакос» және «Брюгге» командаларына қарсы матчтары Астанада өтеді
- Алғабастағы өрттің қалай басталғанын көршісі баяндап берді
- Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы «Байсат» базары осы жолы да аукционда сатылмады
- «Зиратта 15 қабір қазылды»: Алғабас ауылының тұрғындары қалған 3 адамның да қайтыс болғанын айтты
- Алғабастағы өрт: әкімдік пен полиция журналистерге кедергі келтіріп жатыр
- Атырауда 73 жастағы ер адам туысын пышақтады
- Атырауда депутаттың қатысы бар компания салған үйлер қирап жатыр