Арнайы әскери операцияға үлес қосу үшін келдім – «Вагнердің» қазақ сарбазы
Соғысқа ұрланғаны туралы туыстары хабарлаған Марғұлан Бекенов Ресейдің «арнайы операциясына» үлес қосуды ұйғарғаны туралы бейнехабарлама арқылы үндеу жасады.
Видеоны бірнеше ресейлік telegram-арналар жариялады.
«Бұқаралық ақпарат құралдарында мені, Томск мемлекеттік университетінің студентін ұрлап әкетті деген ақпарат шықты. Сірә, анамның қобалжып, мені бұл жерден қалай болса да алып кеткісі келгендігінен осындай әрекеті болған шығар.
Мен өз еркіммен Вагнерге, яғни әскери компанияға жігіттермен бірге соғысу, арнайы әскери операцияға үлес қосу үшін келдім. Мен өзімді тамаша сезінемін, команда керемет, мен өзімді таптым. Маған бұл жер ұнайды. Психикалық және эмоционалды түрде жақсымын. Тағы да қайталаймын, мені ешкім ұрлаған жоқ», — деді Бекенов.
Еске салайық, Қазақстанның қылмыстық кодексіне сәйкес, шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқан азамат бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық