«Армяндарды өлтіру керек»: БҚО-да 4 жігіт армян азаматын ұлтына бола пышақтап кетті
Фото: Envato
БҚО-ның Жаңақала ауданында жол жөндеумен айналысатын 43 жастағы Гаруш Балаян есімді азаматты 4 жігіт ұлтаралық араздық негізінде бірнеше рет пышақтап, басынан темір құбырмен ұрған, деп хабарлайды Orda.kz Hronika.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 19 шілдеде «Чапаев – Жаңақала» тас жолының 98-ші шақырымында болған. Бірнеше жұмысшылар жолды жөндеп жатқанда жергілікті 4 тұрғын мас күйде келіп басшыны сұрайды. Сұрақтарына Гаруш Балаян жауап береді. Мас жігіттер дереу оның ұлтына шүйлігеді. Олар «армяндар мұнда жұмыс істемеуі керек», «армяндарды өлтіру керек» деп айқайлап, Гаруш Балаянды тапаншамен ұрып құлатады. Кейін жігіттер оны темір құбырмен ұрып, бірнеше рет пышақтайды. Гаруш Балаянды арашаламақ болған жігітті де пышақтап тастайды. Басқа бір жұмысшы полиция шақырып үлгереді. Жәбірленушіге шұғыл түрде қан құйылып, ота жасалған.
«Мен наркоздан толық айықпаған кезде, маған қандай да бір құжаттарға қол қою керегін айтты. Қылмыстық іс қозғалды, соған керек деді. Кейін білсем, мен ешқандай шағымым жоқ екенін растап, істі тоқтатуды сұраған қағазға қол қойып беріппін», – дейді Гаруш Балаян.
Жәбірленушінің адвокаты Руслан Аминовтың айтуынша, жергілікті полиция бұл ауыр қылмысты «денсаулыққа зиян келтіру» деп тіркеп, күдіктілерді жауапкершіліктен құтқарып қалуға тырысып жатқан көрінеді.
«Шын мәнінде, бұл — ұлттық араздық негізінде, топ болып адам өлтіруге оқталу. Төрт шабуылдаушының біреуі ғана қамалды, қалған үшеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр», – дейді адвокат.
Сондай-ақ, адвокаттың айтуынша жергілікті аурухана да Гаруш Балаянның өлім аузында жатып, қан құйдырғаны туралы деректі медициналық анықтамаға енгізбеген. Адвокат бұл жәбірленушінің жағдайын жеңіл етіп көрсету үшін жасалған болуы мүмкін деп қауіптенеді.
Айта кетейік, маусым айында Астанадағы Millennium Park тұрғын үй кешенінде ер адам бұрынғы сүйіктісін пышақтап өлтірді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық