Армения-Әзірбайжан шекарасындағы қақтығыстар жалғасуда
Армения-Әзірбайжан шекарасындағы қақтығыстардың тоқтайтын түрі жоқ. Бір күн бұрын шекарада оқ атылды, жараланғандар бар.
«Армения қарулы күштері Әзірбайжан армиясының позицияларына оқ жаудырды» деп хабарлады Әзірбайжан қорғаныс министрлігі. Армения да дәл осындай мәлімдеме жасады.
Day.Az агенттігінің хабарлауынша, 23 қыркүйекте Армения-Әзірбайжан шекарасында сағат 19:30-дан 23:40-қа дейін атыс болған. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Армения қарулы күштерінің бөлімдері Юхара, Шоржа, Басаркечер облысы және Джермук елді мекендер бағытында орналасқан Әзірбайжан армиясы позицияларына оқтын-оқтын оқ жаудырған.
«Атыс нәтижесінде Әзірбайжан армиясының әскери қызметшілері Амануллаев Рашад Агаджан оглы, Рахимзаде Рухид Октай оглы және Джадов Раван Шамсаддин оглы жарақат алды. Жаралыларға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Көрсетілген бағыттар бойынша орналасқан Әзірбайжан армиясының бөлімдері тиісті шаралар қабылдады. Оқиға үшін барлық жауапкершілік жағдайды мақсатты түрде ушықтыратын Арменияның әскери-саяси басшылығына жүктелетінін мәлімдейміз» деді министрлік.
Осы орайда Армения Қорғаныс министрлігі Әзірбайжан қарулы күштерінің бір бөлімшесінің армян-әзірбайжан шекарасының шығыс бағытында орналасқан армян жауынгерлік позицияларының біріне енуге әрекеттеніп, арандатуға барғанын хабарлады.

NEWS.am сайтының хабарлауынша, Армения қарулы күштері бөлімшелері әрекетінің арқасында жау кері қайтарылды. Армения тарапынан шығын жоқ. Түнде басқа оқиға болған жоқ. 24 қыркүйек күні сағат 10.00-дегі жағдай бойынша жағдай салыстырмалы түрде тұрақты.
Еске салайық, екі мемлекет арасындағы қақтығыстың ушығуы бір жарым апта бұрын басталған. Екі тарап бірін-бірі арандатушылық әрекеттерге барды, оқ жаудырды деп айыптауда.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық