Арменияда жарылыстан қаза тапқандар саны артты

cover Фото: ашық дереккөз

Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 15 адамға жетті.

Құтқарушылар қоймадағы жарылыс орнынан тағы бірнеше денені алып шықты, деп хабарлады елдің Төтенше жағдайлар министрлігі.

– Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 15 адамның денесі табылды, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 14 тамызда Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында жарылыс болып, кейін өрт шыққан болатын. Қала әкімдігінің мәліметінше, пиротехникалық материалдар қоймасы жарылған. Оқиға салдарынан 61 адам жарақат алды. ТЖМ тағы 12 адамның Ереванның медициналық орталықтарында ем алып жатқанын хабарлады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар