Армения Әзірбайжанға қарсы Ресей әскерінен көмек сұрады
фото: DW
Армения Әзірбайжан қарулы күштерін 24 наурызда «Ресей бітімгершілік миссиясының» жауапты аймағындағы демаркация сызығын бұзып, мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының Парух ауылын басып алды деп айыптады.
Бұл туралы Армения сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған.
«Әзірбайжан Ресей Федерациясы бітімгершілік контингентінің жауапкершілік аймағында 24 наурызда Аскеран ауданының Парух ауылы маңында басталған шабуылын жалғастыруда. Басқыншы әзірбайжандық бөлімшелер кеше түнде қорғаныс бекеттеріне оқ жаудырды. Таулы Қарабақтағы жағдай шиеленісіп отыр» делінген Армения министрлігі таратқан хабарламада.
Осыған байланысты Армения «Ресей Федерациясының бітімгершілік күштері Әзірбайжан қарулы күштерінің басқыншы бөлімшелерін ресейлік бітімгершілік контингентінің жауапкершілік аймағынан тез арада шығаруды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды. Бұл Ресей бітімгершілік контингентінің қайтарылуын білдіруі тиіс» деп күтеді. Әзірбайжан бөлімшелері 23 наурызда бастапқы орындарына жіберілді.
Мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасы Парух ауылын басып алғаннан кейін 25 наурызға қараған түні әзірбайжандық бөлімшелер қорғаныс армиясы бөлімшелеріне әртүрлі калибрлі атқыштар мен ұшқышсыз ұшатын құрылғыларды қолданып оқ жаудырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Армениялық «Азаттық Радиосы» .
Мойындалмаған республиканың мәліметінше, нәтижесінде кем дегенде 5 әзірбайжандық әскери қызметкер қаза тауып, армян жағынан бір әскери жараланған.
«Азаттық» радиосының Армения қызметінің хабарлауынша, қауіпсіздік мақсатында Парухпен көршілес Храморт аймағынан әйелдер мен балалар эвакуацияланған.
Бұған дейін Әзірбайжан қорғаныс министрлігі «Ресей бітімгершілік контингенті уақытша орналасқан Әзірбайжан аумағында» жағдайдың шиеленіскенін жоққа шығарған.
«Ондағы орындар нақтылануда, ешқандай қақтығыс немесе оқыс оқиға орын алған жоқ. Армян ақпарат көздері жағдайды әдейі бұрмалап, ушықтыруда. Мақсат – дүрбелең тудырып, жұртшылықты адастырып, теріс бағытқа бұру. Алаңдауға еш негіз жоқ» деді Әзірбайжан қорғаныс министрлігі.
Report.az ақпараты бойынша, 25 наурызда Әзірбайжан сыртқы істер министрлігі Арменияны «дүрбелең салды» деп айыптады.
«Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Әзірбайжан армиясының орналасқан жерлері нақтылануда, сондықтан дүрбелеңге негіз жоқ. Армян жағы жалған ақпарат таратумен, мәселені жасанды түрде ушықтырумен айналысады» деп хабарлады Әзірбайжан сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық