Армения мен Қырғызстанның кедендік баждары қалай өзгереді?
Бүгін, 13 мамыр Сенаторлар Армения мен Қырғызстанның кедендік баждарына өзгеріс енгізетін бірқатар заңдар қабылдады.
Бұл туралы Orda.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар:
- «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартттағы Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»
- «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңдарды қабылдады.
Жоғарыда аталған заңдар Қырғызстан мен Армения кедендік салығын ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемесіне кезең-кезеңімен өткізеді. Осыған орай өтпелі кезеңде, шамамен 1 жыл, тез бұзылатын тауарларға қатысты ЕАЭО тарифін толық орындағанға дейін ұзартылады.
– Бүгін қабылданған заңдар Қырғыз және Армения Республикаларының аумақтарына үшінші елдерден әкелінетін бірқатар тауар тізбесі бойынша кедендік-тарифтік реттеу саласын қамтиды. Нақты айтқанда, бұл елдер Еуразиялық экономикалық одақ шенберінде қарастырылған уақытша жеңілдіктерді әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты бір жылға ұзартуды сұраған. Өтініштер тиісті деңгейде қолдау тапты. Жалпы, бұл заңдар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы әріптестік пен ынтымақтастық қатынастарды нығайтуға оң септігін тигізеді деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар, отырыс кезінде тұқым шаруашылығының өзекті мәселелері мен Оңтүстіктен Солтүстікке көшу бағдарламасындағы қиындықтар талқыланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық