Армения мен Әзірбайжан Вашингтонда бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды
Фото: Ақ үй
Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамптың арағайындығымен Армения премьер-министрі Никол Пашинян мен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев екі ел арасындағы бейбіт қарым-қатынастар туралы декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Құжатта тараптардың бұған дейін келісілген бейбіт келісімді бекіту мен ратификациялау жолында ілгерілеу міндеттемесі, сондай-ақ әскери қақтығыстардан бас тарту, бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығына құрмет көрсету мәселелері бекітілген.
Декларацияға қол қойылар алдында Армения мен Әзірбайжанның сыртқы істер министрлері бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынас орнату туралы келісім мәтінін қарап шығып, оның мазмұнын мақұлдады.
Құжаттың негізгі тармақтарының бірі — өңірдегі көлік қатынастарын ашу және Әзірбайжанның негізгі аумағы мен оның анклавы Нахичеванды Арменияның Иранмен шекаралас бөлігіндегі аумақ арқылы байланыстыратын көлік дәлізін құру.
Жаңа бағытқа «Халықаралық бейбітшілік пен өркендеуге арналған Трамп дәлізі» атауы берілді. Бұл дәліз Әзірбайжан мен Нахичеван арасында тікелей қатынасты қамтамасыз етіп, Бакудің Түркиямен байланысын нығайтады әрі өңірдегі инфрақұрылымдық дипломатияның бір бөлігіне айналады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Анна Келлидің айтуынша, бұл дәліз Арменияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына толық құрмет көрсету аясында жұмыс істейтін болады.
Әзірбайжан мен Нахичеванды 32 шақырымдық армян аумағы бөліп тұр. Жобаны іске асыру адамдар мен жүктердің еркін қозғалысын қамтамасыз етіп, өңірдегі экономикалық интеграцияны арттыруға мүмкіндік береді. Келісімге сәйкес, АҚШ бұл жобаны жүзеге асыру құқығына 99 жыл мерзімге жекелей ие болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық