Арман Шораев Жанна Кан мен Ситниковты «Миротворец» базасына енгізуді талап етті
Фото: Бейнеден кадр / ютуб-арна: ZHANNA KAN CHANNEL
Алматыда өткен BeWoman әйелдер форумында ресейлік коуч Алексей Ситников Владимир Путинді ашық мадақтап, қоғамның наразылығын туғызған. Іс-шараны Forbes тізіміндегі қазақстандық миллиардер Сергей Канның жұбайы Жанна Кан ұйымдастырған, деп хабарлайды Orda.kz.
Қоғам белсендісі Арман Шораев Facebook парақшасында Жанна Кан мен Алексей Ситниковты «Миротворец» сайтына қосуды Украинадағы достарынан өтінген. Оның айтуынша, екеуі де «Путинді қолдайды әрі соғысты жақтайды». Шораев Канға қатысты пікірін ашық жеткізді:
«Осы (Жанна Кан) Шенген аймағын тек телеарнадан ғана көре берсін» деп жазды ол.
BeWoman әйелдер форумы кезінде Александр Ситников сөз сөйлеп, ел алдында Ресей президентін мадақтаған.
«Путинге қаншама рет шабуыл жасалғанын қараңызшы. 55 ел қақтығысқа қосылды, бірақ ол жеңіске жетіп отыр. Трамп оны ұшақтан түсіргенде қалай қарсы алғанын қараңызшы. Бұлай ешкімді олай қарсы алмайды…» — деді Ситников.
Алексей Ситников өзін мотивация, келіссөздер мен көшбасшылық салаларында эксперт ретінде көрсетеді. 1990-шы жылдары саяси консалтинг жүйесінде жұмыс істеп, Ресейде де, шетелде де науқандарға қатысқан. Оның Instagram парақшасында шамамен 900 мың оқырманы бар. Алайда жиі «псевдосарапшы» деп аталады.
Жанна Кан да сынның астында қалған кезі болған. Жақында Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты пікір білдіргенде, ол:
«Қазақстандықтар жаңа Қаңтар секілді оқиға болмас үшін көбірек еңбек етіп әрі салық төлеуі қажет», — деген болатын.
Жанна Кан — елдегі ықпалды әйелдердің бірі, кәсіпкер Сергей Канның жұбайы. Сергей Кан ЦАТЭК және ЦАЭК компанияларының иесі. Айта кетейік, өткен айда Павлодардағы «Павлодарэнерго» акционерлік қоғамдығына кіретін ТЭЦ-2 станциясында 33 жастағы дәнекерлеуші қаза тапты. Станция ЦАЭК компаниясына тиесілі, негізгі акционерлері — Александр Клебанов пен Сергей Кан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық