Арман Шораев кінәлі деп танылды
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚХП атынан шағымданған кандидат Нұрия Балтабайқызының арызын қарады.
Сот партия белсендісінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін Арман Шораевты кінәлі деп таныды.
Мәжіліс сайлауына түсуге ниетті белсенді бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.
Алайда қаулы заңды күшіне енбеген. Оның күшіне енуі үшін 10 күн қажет, яғни 2023 жылдың 24 наурызына дейінгі мерзім.
«Әрине, шығарылған сот актісімен келіспеймін, шағымданамын. Өкініштісі, мұндай шағымды қарау сайлау өтіп жатқан 2023 жылдың 24 наурызынан кейінге қалдырылды» делінген Шораевтың хабарламасында.
Белсенді «ҚР-дағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 4-3-тармағына сәйкес кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе дауыс беру күніне екі күн қалғанда бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейтінін атап өтеді. ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес, сот актісімен шешім заңды күшіне енгенге дейін адам кінәсіз болып саналады. 2023 жылдың 19 наурызына дейін сот актісі заңды күшіне енбейді, сондықтан аудандық сайлау комиссиясы апелляция қаралғанға дейін тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға құқысы жоқ.
Шораев сонымен қатар соңғы күндері Астана қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Жүнісбеков Бақытжанның қызметтен кетуін талап еткен. № 2 ИЫҰ төрағасы Жолмағамбетова Айсара бүгін комиссияның бес мүшесінің үшеуі басқа тұлғалармен ауыстырылғаннан кейін төраға қызметінен кетуге және қарапайым мүше болуға мәжбүр болғанын атап өтеді.
– Енді № 2 аудандық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы соттың заңды күшіне енбеген қаулысы бойынша мені тіркеуден жоюға бара ма, жоқ па, соны күту ғана қалды. Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның бұзылуына Орталық сайлау комиссиясы және аудандық сайлау комиссиясы жол бере ме, бермей ме, оны біз алдағы күндері көреміз. Мені сайлауға түсірмеу үшін жаңа Қазақстан тағы да қандай заң бұзушылықтарға баратынын көрейік, – дейді Шораев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық