Қарлы боран салдарынан еліміздің бес облысында жолдар жабылды
Солтүстік және батыс облыстарда бұрқасын, көктайғақ, желдің күшейе түсу қаупі бар.
Қазақстанда сенбі күні ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бес облысында жолдар жабылды, деп хабарлады республиканың Төтенше жағдайлар министрлігі.
«Қазавтожол» ҰҚ» АҚ-ның хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қарлы боран, көрінудің шектелуі) бес облыста: Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы жабылды.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, өңірлерде бұрқасын, көктайғақ, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Нұр-Сұлтанда да боран соғып тұр. Ауа райының нашарлауына және көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты елордадан төрт бағытта – Қарағанды, Көкшетау, Қостанай және Павлодар бойынша шығу шектелді.
«Қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды айналма жолдарды пайдаланбауға шақырамыз, өйткені олар қар басып, қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді», - деді қала комендатурасы.
Елордада таңнан бері 25 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа-райының өзгеруін бақылауға және дауылды ескерту хабарламаларын назардан тыс қалдырмауға шақырады.
Қыста елді мекендер арасындағы жолдарға сапарды жоспарламас бұрын, алдағы бағыттың ауа райы болжамын зерделеу қажет, деп еске салды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық