Қарин жазықсыз өлгендер үшін кім жауап беретінін айтты
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Qasqa Jol ютуб арнасына сұхбат берді. Сұхбатта қаңтар айында Маңғыстауда басталған митинг, Алматы мен өзге де қалаларда әскерилер қолынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар туралы айтылды.
Ерлан Қарин «ескертусіз оқ ату бұйрығына» байланысты жазықсыз қаза тапқандар үшін кім жауап беретіні туралы пікір білдірді.
– Жазықсыз қаза тапқандардың қаны ең алдымен осы оқиғаларды осындай бағытта дамуға, қарулы қақтығыстарға жол ашқан, қару таратқан күштердің мойнында. Оқиғалар толқын-толқынмен дамып отырды. 2 мыңға жуық қару-жарақ ұрланды, қазірдің өзінде іздестіріліп жатыр. Тергеу барысында бұл оқиғалардың қалай ұйымдастырылғаны анықталады, - деді ол.
Мемлекеттік хатшы бейбіт жиынға қатысқан тұрғындарға қару қолданылмағанын баса айтты.
– Полиция алғашқы күндері арнаулы құралдарды пайдаланды. Көпшілік бейбіт жиынға қатысушыларға неге қару қолданды деп жатады. Бейбіт жиынға қатысқандарға ешқандай қару қолданылмады. Ақтауда 15 мыңға жуық адам жиналып тұрды. Бірақ ол жерде азаматтардың саналы әрекеттерінің арқасында ешқандай қақтығыс болмады. Ол жерде жаппай тәртіпсіздікке жол берілген жоқ. Басқа өңірлерде бейбіт жиындарды жаппай тәртіпсіздікке жалғастырып, арандатушылық жасады, - деді Қарин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық