Қарин Алматыға басып кірген 20 мың террористердің кім екенін айтты
Коллаж: Orda.kz
Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Қаңтар оқиғасына қатысты «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына сұхбат берді.
Мемлекеттік хатшы сұхбатында Алматыға шабуыл жасаған 20 мың террорист туралы көпшілік көкейіндегі сұраққа жауап берді. Эфирге «Жаңа Қазақстан» атауымен шығатын арнайы сұхбатта әкімдікті, әуежайды басып алса да, өз талаптарын айтпаған қарулы топтар мен қаза тапқандардың мүрдесін ұрлап кеткендер және тергеу изоляторларында азапталған азаматтардың ісін қарастырып жатқан комиссия жұмысы туралы айтылды.
Алматыға шабуылдады деген 20 мың террористер кімдер?
– Бұл жерде мына нәрсені ашып айту керек. Біз әдетте террорист дегенде белгілі бір образдағы адам елестейді. Қару асынған, әскери киім киінген адам деп талдайды. Соңғы болған оқиғаларда да стереотиптер тұрғысынан қабылдап, қалай елімізге осынша террористер кіріп кетті деді. Терроризм тақырыбын талдағанда идеологиялық себептерін іздеп, әуестеніп жатамыз. Терроризм – идеология емес, бұл іс-әрекет. Соңғы болған оқиғаларда әкімшілік ғимараттарды басып алу, әлеуметтік нысандарды басып алу, әскерилерге қарулы шабуыл, ақпараттық нысандарға шабуыл террористтік акт ұғымын білдіреді. Шетелде басқа да анықтамалар қолданылады., - деді мемлекеттік хатшы.
Ерлан Қарин Қаңтар оқиғасында ақпарат құралдарына таратылмаған оқиға туралы да айтты.
– Ақпарат құралдары да білмейтін бір оқиға бар. Осы жағдай болған кезде сыртта ірі халықаралық тәуелсіз топтардағ қазақстандық радикалды тұлғалар арнайы видеоүндеулер дайындап, елдегі өздерінің жақтаушыларына таратпақ болды. сол кезде интернет бұғатталды. Сол видеоүндеулер тараған болса, радикалды топтар жоспарланған әрекетке көшетін еді, - деді ол.
Жаңалықтар
- Есет Байкен Ұлытау облысына әкім болып тағайындалды
- Дастан Рыспеков Ұлытау облысы әкімі қызметінен кетті
- Алматының шыжыған ыстығы 50 жыл бұрын тіркелген температура рекордын жаңартты
- Ақтөбе облысында есірткі сатты деген күдікпен екі полицей ұсталды
- Бұрынғы энергетика министрі Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
- Серік Шәпкенов Атырау облысы әкімі қызметінен босатылды
- «Семей орманы»: Құтқарушылар ашық жанып жатқан өртті тоқтатты
- Түркістан облысындағы күре жолда болған апаттан 7 адам қаза тапты
- Иран хуситтерден мұнай тасымалының тағы бір бағытын жабуды сұрады
- Екі министр шұғыл аттанды: Абай облысындағы өрт 60 гектарды шарпыды, 220 адам эвакуацияланды
- Астанада нәрестесін кәрізге ағызып жіберген 29 жастағы әйел ұсталды
- Павлодардағы банкте петарда жарған қарттардың халі қалай?
- Алматыда қызды аяусыз ұрып-соғып, видеоға түсіріп таратқан
- Президент Қытайда: «Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші AgriTech хабы ретінде дамытамыз»
- «Семей орманы» аумағындағы алапат өртті сөндіруге авиация тартылды
- 200 миллиард теңгенің темекі контрабандасын шетелден кіргізбекші болғандар ұсталды
- Түрмедегі салық: Оралдағы колонияда қылмыстық топ құрып алған
- ӘЧ-2026: Матчтан кейінгі саяси дау — «Фолкленд аралдары – Аргентинаға тиесілі»
- «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің екінші айналымына өтті
- Шомылу маусымы басталғалы 69 бала суға кетіп қайтыс болды