Аргентинада Диего Марадонаның дәрігерлеріне қатысты сот басталды
Фото:inst/ maradona
Аргентина футболының аңызы Диего Марадонаның соңғы күндерінде оның күтімін жасаған жеті дәрігер сотқа тартылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қылмыстық салғырттық бойынша айыптар нейрохирургке, психиатрға, психологқа, медициналық координаторға, дәрігерге, түнгі медбике мен күтім коориданторына тағылды. Марадонаны өлі күйінде тапқан күндізгі медбике өзінің сотта қазылар алқасымен қаралуын сұрады.
Әр айыпталушы 8 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот процесінде 100-ден астам куәгер, оның ішінде Марадона отбасының мүшелері мен оған көп жылдар бойы қызмет көрсеткен дәрігерлер сөз сөйлейді деп күтілуде. Сот тыңдауларының шілдеге дейін жалғасуы болжануда.
Диего Марадона 2020 жылғы 25 қарашада 60 жасында қайтыс болды. Ол миындағы тромбты алып тастау бойынша операциядан кейін қалпына келтіру жағдайында болған. 2022 жылы футболшының ұлдарының адвокаттары дәрігерлерді дұрыс медициналық көмек көрсетпеді деп айыптады.
Аргентина прокуратурасы жинаған 20 сарапшыдан тұратын комиссия Марадонаның дұрыс емделген жағдайда аман қалатынын мәлімдеді. Оның үйінде тіпті дефибриллятор да болмаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық