Ардақ Назаров не себепті парламентте анасын құттықтағанын айтты
Фото: трансляциядан кадр
Анасын парламентте құттықтаған депутат Ардақ Назаров әрекетін түсіндіріп, жазба жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Парламент мінберінен анасына туған күнінетілегін арнаған депутат әлеуметтік желіде сынның астында қалды. Алайда депутат бұл әрекетін ата-анаға деген құрметтің маңызын ұрпақ санасына сіңіру ниетімен жасағанын айтты.
«Анасын туған күнімен құттықтады деп дау шығарып жатқандарға жол болсын. Кеше ғана әкесін қан-жоса етіп тепкілеп, боқтаған баланың бейнежазбасын көрдік. Бұл — жүректі ауыртатын жағдай. Ертең оны көрген жас ұрпақ қайталамасына кім кепіл?» – деді депутат.
Ол қазіргі қоғамда жастар арасындағы қатыгездік, ажырасу, тастанды балалар мен балалар үйіндегі қазақ балаларының көбеюі басты трагедияға айналғанын айтты.
«Балалар үйінде 2004 жылдан бері тәлім-тәрбие беру ісіне араласып келемін. Жақында ғана 52 бала қалды деп қуанған едік. Соңғы екі жылда бұл сан 158-ге жетті. Басым бөлігі – қаракөз қазақ балалары. Ата-анасы тірі, бірақ ішімдік пен есірткінің құрбаны болғандар», – деп алаңдаушылық білдірді ол.
Осы орайда айта кетейік, кеше ғана мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ресми отырыс кезінде анасын туған күнімен құттықтады. Назаровтың бұл әрекеті жұртшылықтың назарынан тыс қалмады. Әлеуметтік желіде көпшілік депутатты сынап, ол жердің құттықтау жолдайтын емес, ресми заң шығарып, сауал тастайтын орын екенін жазды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық