Әрбір бесінші қазақстандық елден көшуге ниетті
Фото: afk.kz
Қазақстаннан білікті мамандардың кету себептері төмен табыс пен болашаққа деген сенімсіздік, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылдың 13-24 қарашасы аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірдің эспресс-мониторинг бюросы қазақстандықтардан шетелге кеткен білікті мамандар туралы пікірін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесінде эмиграцияның негізгі себептері ретінде елдегі төмен табыс деңгейі, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың нашарлығы және болашаққа деген сенімсіздікті айтылды.
Жүргізілген сауалнаманың негізі себептері төмендегідей:
- Әр бесінші респондент (21%) елден көшу туралы ойлайды.
- 6,9% – алдағы 2-3 жылда көшуге ниетті.
- 5,6% – көшуге дайын, бірақ әзірге мүмкіндігі жоқ.
- 8,4% – белгілі бір жағдай туындаса, көшуді қарастырады.
- 78,5% – жақын арада елден кетуді жоспарламайды.
Жас ерекшелігі мен көші-қон ниеті:
- 18-29 жас аралығындағы жастардың 25%-ы көшуге ниетті.
- 30 жастан асқан топта бұл көрсеткіш 30%-ға жақын.
Көшу себептері:
1. Жоғары жалақы іздеу – 24,5%.
2. Өздері мен балалары үшін болашаққа сенімсіздік – 23,9%.
3. Жақсы жұмыс табу – 14%.
4. Өзін-өзі дамыту – 13,2%.
5. Сапалы білім алу – 11,7%.
Ресми деректер мен көші-қон статистикасы:
- 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында:
- 20 мың адам Қазақстанға көшіп келді.
- 10,2 мың адам елден кетті.
- Елден кеткендердің ішінде:
- Техникалық мамандар – 1,2 мың.
- Экономистер – 589.
- Педагогтер – 385.
- Сәулетшілер мен құрылысшылар – 261.
- Заңгерлер – 170.
Респонденттердің көші-қонға көзқарасы:
- 63,3% – шетелге кетуді түсіністікпен қабылдайды.
- 11,4% – көшуге қарсы.
- 21% – бейтарап пікірде.
Эмиграцияның ықтимал бағыттары:
- АҚШ – 7,7%.
- Ресей – 6,2%.
- Еуропа елдері – 5,1%.
- Түркия – 4,6%.
- Канада – 2,6%.
- 35% – көшуге қызығушылық танытпайды.
DEMOSCOPE қоғамдық пікірінің эспресс-мониторингінің саулнамасының нәтижесінде білікті мамандардың шетелге кетуін азайту үшін бірнеше ұсыныстар ұсынылды.
- Жоғары жалақы мен жұмысқа лайықты жағдай жасау.
- Сапалы білім беру жүйесін дамыту.
- Қолжетімді медициналық қызмет көрсету.
- Қауіпсіздік деңгейін арттыру қажет.
Жаңалықтар
- Израиль президенті Ицхак Герцог Қазақстанға ресми сапармен келді
- Сотталған блогер Жанәбіловтер амнистияға ілінуі мүмкін
- Астанада LRT-мен жүруге арналған жеңілдік картасын кімдер ала алады?
- Ерлі-зайыпты блогер Жанәбілевтерге сот үкімі шықты
- 1 мамыр — бірлік символы: Қазақстан халқын біріктірген мереке қалай пайда болды?
- Тоқаев Оңтүстік Африка халқын бостандық күнімен құттықтады
- «247,6 млн теңге көлеміндегі шығынды толық өтеген»: Жанәбіловтер тергеумен келісімге келді
- Румынияда әйелдерді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылады
- Депутат Базарбек эмоциясын тежей алмай, «Болашақ» жүйесін қатаң сынға алды
- Қазақстанның жоғары білім саласында миллиардтаған шығын анықталды
- Мәжілісте түлектерді жұмыспен қамту туралы мәлімет сынға ұшырады
- Қылмыстық іс қозғалды: Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды балағаттаған әйел полицияға жеткізілді
- 1 мамырдан бастап не өзгереді: Төлемдер, маусымдық шектеулер және емтихан кезеңі
- Тоқаев Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады
- ІІМ банк арқылы болатын алаяқтықтың жаңа түрін ескертті
- Тәрбиеші ұрған баланың ата-анасы арыз жазудан бас тартқан
- Қазақстандықтардың деректерін сатқан: Астана мен Алматыда қылмыстық топ құрықталды
- Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
- Трамп қатысқан кездесудегі атыс: Шабуыл туралы не белгілі?
- Таяу Шығыс бойынша келіссөз өткізу алаңы ретінде Түркістан ұсынылды