«Қаражанбасмұнай» компаниясына айып тағылды
Дереккөз: «Каражанбасмунай» АҚ
«Қаражанбасмұнай» компаниясына монополиялық жағдайын асыра пайдаланды деген айып тағылды.
Кәсіпорын басшылығына мұнай битумын бірінші реттік көтерме саудада сатты деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті.
Мамандардың айтуынша, «Қаражанбасмұнай» АҚ мұнай битумының жылдық көлемінің 99 пайызын тек бір мекемеге ғана ұзақ уақыт бойы өткізген. Одан кейін өнім жол құрылыс компанияларына көтерілген бағамен сатылған.
Битумды нарықта айтарлықтай шығынсыз сатқан делдалдың сауда үстемесі шамамен 30% құраған. Монополияға қарсы департаменттің талабы бойынша «Қаражанбасмұнай» АҚ енді битумды қажетсіз делдалды айналып өтіп, тікелей жол құрылыс компанияларына сататын болады.
«Қаражанбасмұнай» АҚ және делдалдық компаниядағы жауапты тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық