Қаралы шаңырақ: «Қаңтарда қан төгілмеді» деген әкімнің сөзін ұяты өлшесін
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасынан кейін қайтыс болған Файзулла Нұргелдиннің туыстарына облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің «Қаңтарда қан төгілмеді» деген сөзі ауыр тиген.
Ақтөбеде Қаңтар оқиғасынан кейін бауырын жер қойнына берген Айгүл Нұргелдина әлі ес жия алмай жүргенін жеткізді. Қара жамылған шаңырақ ешкімге сенбейді.
— Айта берсін. Әркім өз кінәсін өзі көтерер. «Қан төгілмеді» десе ұяты білсін. Біз қалай жылап қалдық, олар да солай жыласын. Бәрінің де анасы, бауыры бар. Кінәліні Құдай жазаласын. Істі тергемесе, термей-ақ қойсын. Жауып тастасын, - дейді марқұмның туысы Айгүл Нұргелдина.
Естеріңізге салсақ, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин: «Тарихта қан төгуге жол бермеген әкім ретінде қаламын. Бұл пікірімді ешқашан өзгертпеймін» деген еді.

Файзулла Нұргелдин қаңтардағы наразылық шарасы кезінде ауыр жараланғандардың бірі. Төрт күн ес-түссіз жатқан. Комадан тұрған науқасты дәрігерлер «жағдайы жақсарды» деп үйіне шығарып жібереді. Бір ай ішінде денсаулығы нашарлап, қызуы түспей ауруханаға қайта түскен. Ұзамай қайтыс болды.
— Басында не болғанын мен қайдан білейін. Отадан кейін жақсы болады деп ойладық. Төрт күн комада жатты. Шыққанына қуандық. Ауруханадан жарқ етіп шыққандай болып еді... Жарқ етіп алып кетті. Аяқ астынан қызуы көтеріліп, түспей қойды. Ауруханадан телефонмен ғана сөйліп отырдық. «Бәрі жақсы, тек қызуым түспей жатыр» дегеннен басқа ештеңе айтқан жоқ. Аурухана дәрігерлері жақсы болады деп сендірді. «Өміріне қауіп төніп тұр» деген ескерту де айтылмады. «Ауырсындым» деп шағымданған жоқ. Бәрі ішінде кетті. Ештеңе айтпады. Анасы ауруханада жатыр. Қаза ауыр тиді. Қарт кісі екі күн үйде болса, бес күн ауруханада жатады, - дейді апасы.
Қазір Ақтөбе облысының прокуратурасында Қаңтар оқиғасына қатысты 23 қылмыстық іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Әлі бірде-бір іс сотқа түскен жоқ. Сонымен қатар, 7 күдіктіге күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шаралары қолданылған.
— Облыс прокуратурасына полиция қызметкерлерінің тарапынан лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және қорлау дерегі бойынша 10 арыз түсті, оның ішінде 5 шағым бойынша қылмыстық істер қозғалды, - деді облыс прокурорының бірінші орынбасары Қ. Рахметов.
Прокуратура Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған 46 жастағы Файзулла Нұргельдин және 30 жастағы Русланбек Жұбаназаровтың өліміне қатысты істердің тергелуде екенін хабарлады.
Прокуратура мәліметінше, Қаңтар оқиғасы кезінде барлығы 42 адамға қатысты сотпен айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.
Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық