Арал теңізі Орталық Азия елдері суымен толығады
1 сәуірге дейін Түркістан және Қызылорда облыстарына 11 текше шақырымнан астам су келеді. Қазақстан Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстанмен хаттамаға қол қойды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов көрші елдермен келісімге келді.
«1 сәуірге дейін Шардара су қоймасына 11,1 текше шақырым су құйылады, ал «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы күтілетін су алу 487 миллион текше метр болады деп болжануда. Бұл Түркістан және Қызылорда облыстарында 2024 жылдың вегетациялық кезеңіне қажетті су көлемін жинақтауға, сондай-ақ Арал теңізіне 1,6 млрд текше метр су жеткізуге мүмкіндік береді», - деді ведомство.
Ташкентте Мемлекетаралық үйлестіру су комиссиясының (МҮСК) 85-ші отырысында талқылаулар өтті, онда Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан Сырдария мен Әмудариядағы су қоймалары болжамды жұмыс режимі туралы хаттамаға қол қойды. Отырыс барысында тараптар 2023–2024 жылдардағы өспейтін маусымға суды тарту лимиттерін бекітті.
МҮСК мүшелері Сырдарияға өзен бассейніндегі су қоймалары жұмысын бақылауды және болжамнан ауытқыған жағдайда Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанды дереу хабардар етуді тапсырды.
«Су мәселелері жөніндегі мемлекетаралық үйлестіру комиссиясы отырысы нәтижелі болды. Бүкіл өңір үшін өте маңызды мәселелерді тез арада шеше алдық. Мысалы, Сырдария мен Амудария өзендерінің су алу көлемін келісу. Бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеуді қамтамасыз ете аламыз», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сонымен қатар, МҮСК келесі, 86-шы отырысы 2024 жылдың басында Қазақстанда өтеді.
Жаңалықтар
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?
- Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді
- Кәсіпкерді сан соқтырған: 10 жылдан аса іздеуде жүрген ер адам Германиядан экстрадицияланды
- Сұлулық жауһары: Шолпының қандай түрлері бар?
- Бішкекте жалаңаш ер адам балаларды қуалаған
- Алматы облысында алаяқтың арбауына түскен әйел көмектеспек болған полицейлерден қашты
- Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды
- Құлжа күре жолында бірден бес көлік соқтығысты
- Индонезияда тікұшақ апаты: Борттағы барлық адам опат болды