«Арай-НС» ЖШС компаниясы мемлекетке 11 млн өтемақы төлейтін болды
Фото: Pexels
«Арай-НС» ЖШС компаниясы мемлекет пайдасына 11 млн теңгеден астам өтемақы төлейтін болды.
Бұл туралы Бейнеу аудандық прокуратурасы хабарлады.
Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі мен «Арай-НС» ЖШС арасында Бейнеу ауылында газ құбырының құрылысына байланысты мемлекеттік сатып алу жөнінде келісім жасалған. Алайда, мердігер өз міндеттемелерін келісімшартта белгіленген мерзімде орындаған жоқ.
Прокурордың талап арызы бойынша Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Арай-НС» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танып, мемлекет пайдасына 11 млн теңгеден астам өтемақы төлейтін шешім шығарды.
Жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.
«Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Мемлекеттік сатып алу саласындағы ашықтық пен заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатыр», — деді Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық