Қарағандыда улану салдарынан бір бала қайтыс болды
Қарағандыда улану салдарынан бір бала қайтыс болып, алтауы жансақтау бөлімінде жатыр.
Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қарағанды облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 30 шілдеде екі бала өзін нашар сезінді. Оларда құсу және сұйық нәжіс болды. Осы мекеменің тағы 10 баласы 31 шілдеде осындай белгілермен ауруханаға түскен. Дәрігерлер қанша тырысқанымен бір баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір алты бала жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында» делінген хабарламада.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, аурухананы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аралап, денсаулық сақтау басқармасының басшылығы мен емдеуші дәрігерлердің қатысуымен жедел кеңес өткізді.
«Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қылмыстық іс қозғалып, Қарағанды облысының арнайы прокурорларының басшылығына берілді. Ермағанбет Бөлекпаев тергеу барысында жауапты тұлғалар анықталып, заң аясында жазаланатынын атап өтті. Мекеме директорының міндетін атқарушы қызметінен босатылды» деп толықтырды облыс әкімдігі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық