Қарағандылықтар қантқа таласып, жаға жыртысты
Фото: ашық дереккөзден
Қарағандыдағы супермаркеттердің бірінде тұрғындар қантқа таласып, жаға жыртысуға дейін барды. Куәгерлердің оқиға орнынан түсірген видеосы желіде қызу талқыға түсті.
Видеодан сөреге қойған қантты тұрғындар бірнеше секундта алып кеткенін көруге болады. Талас кезінде дүкендегі бірнеше тауар зақымдалған.
Еске салсақ, өткен аптада осындай қантқа таластардың бірінде дүкенге полицейлерді шақыруға тура келген. Ол кезде сатып алушылар нормадан көп қант алмақшы болған.
Жауапты органдардың айтуынша, ай басынан бері 740 тонна қант әкелінген, 1300 тонна келе жатыр.
«Тұрғындарды бірінші кезекте байбалам салмауға және қантты қажет болмаса, көп мөлшерде сатып алмауға шақырамыз. Өз кезегінде біздің тарапымыздан әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз өсіп кетпеуі үшін жұмыстар жүргізіледі» деді Қарағанды қаласы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Абзал Рахымбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық