Қарағандыда жалдамалы жұмысшылар бригадир мен үй иесін өлтірді
Қарағандыда адамдарды өлтірді деген күдікке ілінген азаматтар ұсталды.
Бұл туралы Orda.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Қылмыс 4 қараша жекеменшік үй ауласында орын алған. Онда құрылыс бригадасы жөндеу жұмыстарын жүргізген. 59 жастағы үй иесі мен 72 жастағы бригадир жұмысшылармен келіспей қалған. Салдарынан жанжал шыққан.
Куәгерлердің айтуынша, құрылысшылар екі адамды пышақтап кеткен. Олар оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмған. Құрылысшылар марқұмдардың бірінің көлігін айдап, оқиға орнынан кетіп қалған.
Оқиғаға қатысты Intercept жоспары жарияланды. Көлік бірден бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Күдіктілер Қарағанды-Теміртау тас жолында ұсталды.
– Ұсталғандар кінәсін мойындады. Қылмыс құралы тәркіленді, - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.
Белгілі болғандай, күдікті құрылысшылардың бірі 34 жаста, енді бірі 39 жаста болған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскерлер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
- Windows-тың пираттық нұсқаларын қолдану қиындайды: Microsoft жаңа қорғаныс жүйесін енгізеді
- «Алтын доп» жүлдесінің басты фавориті анықталды
- Берлинде көлік шеруге шыққандарды қағып кетті: бір адам қаза тауып, тағы 16 адам жараланды
- Футбол чемпионаты Құрылтай сайлауына байланысты кейін шегеріледі
- «Бурабайда» екі өрт тұтанып, сөндіруге тікұшақ шықты
- Трамп Иранға жасалатын соққыны тоқтатуға бұйрық берді
- Алматыда полиция электросамокат иелеріне үндеу жасады
- АҚШ Иран уранын қолға түсіру үшін күрделі операция дайындап жатыр – БАҚ
- Тоқаев соғысты «мұздатуды» ұсынды: Президенттің Омбыдағы мәлімдемесі нені аңғартады?
- Алматыда есірткі жарнамасы бар QR-код жапсырып жүрген адам ұсталды
- Құрылтай: Сайлауалды науқан басталды, партиялар өңірлерге шықты
- Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енгізілді
- Әділет министрлігі NCOC-тан мәжбүрлеп өндіру шараларын бастады
- Астанадағы нөсерден кейін көшеден 100-ден аса көлік нөмірі табылды
- АҚШ пен Сауд Арабиясы арасындағы ядролық келісім неге дауға айналды?
- АҚШ пен Ұлыбритания Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қорғау мақсатында халықаралық коалиция құрмақшы
- Өз стадионын Канье Уэстке қалдырып, «Қайрат» Түркістанда ойын көрсетеді
- Өз қарызын жабам деп басқаны қарызға батырған әйел сотталды
- Тамыз айында Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылық болады
- Қытай мен Еуроодақ арасында «сауда соғысы» басталды