Қарағандыда қызметкерлеріне балағат сөз айтқан шенеунік жауапқа тартылды
Қарағандыда облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Арман Байсұлтан сөгіс түріндегі тәртіптік жаза алды. Оның үстінен қарамағындағы қызметкерлері шағымданды. Шенеунік қызметтік этиканы сақтамағаны үшін жазаланды.
Шенеуніктің үстінен ұжымдық шағымды облыстық жедел жәрдем стансасының жедел бөлімінің қызметкерлері жазған. Олар Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасына және еңбек инспекциясы басқармасына шағым жолдаған. Оны әлеуметтік желіде де таратқан.
«Директордың орынбасары Байсұлтан Арман ұжымда жүйке жұқартатын ахуал туғызуда. Ол бізге айғайлап, дөрекі сөздер айтып, үнемі дауысын көтереді. Біз оның жедел жәрдем қызметкерлеріне деген ұятсыз көзқарасы туралы бұған дейін Денсаулық сақтау басқармасына шағымданған болатынбыз. Ол бізге қайда шағымдансаң - сонда шағымдан дейді! Бізге тек қоғамдық наразылық көмектесе алады!» деді жедел жәрдем қызметкерлері үндеуінде.
Сондай-ақ, дәрігерлер биылғы жылдың тамыз айынан бастап жаңа есепшінің келуімен олардың жалақылары айтарлықтай қысқартылатынын айтты. Жедел жәрдем қызметкерлері жағдайды түсіндіріп, тәкаппар бастықтан қорғауды сұрайды.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомствода қызметкерлердің шағымы бойынша қызметтік тексеру басталғанын атап өтті.
«Жедел жәрдем тобынан келіп түскен шағым фактісі бойынша Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы Жедел жәрдем басшысының орынбасары А. Байсұлтанға қатысты этика және деонтология нормаларын сақтау бойынша қызметтік тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Бүгін тәртіптік кеңес өтті. Үндеуде көрсетілген өзге де фактілер бойынша қызметтік тергеу жалғасуда» деп хабарлады басқарма өкілдері.
Айта кетсек, шенеунік 2019 жылы тағы бір жанжал кейіпкері болған. Ол жолда көлік жүргізушісімен төбелесіп қалған. Жолдағы төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық