Қарағандыда той жасаған шенеунік жұмыстан шығарылды
Фото: gov.kz
Қарағанды облысында карантин кезінде той жасауға тыйым салынғанына қарамастан шектеу шараларын бұзғаны үшін шенеунік қызметінен босатылды.
Бұл туралы Orda.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
- Бүгіннен бастап жер қатынастары бөлімінің бастығы Қалел Мақсұтов карантинді өрескел бұзғаны үшін - пандемия кезінде үйлену той жасағаны үшін қызметінен босатылды. Мен тағы да ескертемін: мұндай құқық бұзушылықтар үшін жаза өте қатал болады. Мұнда мемлекеттік қызметшінің қызметтік этикасының барлық нормалары бұзылған. Коронавирустық инфекциямен күресу саласында атқарылып жатқан үлкен жұмысты ұмытпаңыз. Біздің тұрғындардың көңілін қалдырмаңыз. Мәртебеңіз бен жұмыс орнына қарамастан, сіз жауапты боласыз, - деді аппарат мәжілісінде облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.
Еске салсақ, Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов қызының Қарағандыдағы үйлену тойын полицияның арнайы көліктері күзеткен. Көліктер қаз-қатар тұрып, бейтаныс адамдарды жақындатпады.
Әкім сондай-ақ мониторингтік топ мүшелерін сынға алып, олар біреудің мүддесі үшін емес, азаматтардың денсаулығын қорғау үшін құрылғанын айтты.
Оқиға 7 тамызда болған. «109» нөміріне «Arista» мейрамханасында жаппай шара өтіп жатқандығы туралы хабарлама келді. Оқиға орнына полиция қызметкерлерінен, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінен және Қарағанды қаласының әкімдігінен тұратын мобильді топ шықты.
– СЭС қызметкерлерінің карантиндік режимді бұзу фактісі бойынша акт жасалды, мекеме иесіне және іс-шараны ұйымдастырушыларға айыппұл салынады, - деді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық