Қарағандыда шақырылған сарбаз менингиттен көз жұмды
Иллюстрациялық фотосурет
Түркістан облысынан шақырылған 18 жастағы Рамазан Жақып Қарағандыда әскери борышын өтеп жүрген кезінде қайтыс болды.
«Балам үш күннен бері укол алып жатқанын айтты. Әскери бөлім оны ауруханаға жатқызбаған, ол үш сағат бойы мұнараға шығып жүрді. Мен медбикелермен телефон арқылы сөйлестім. Олардың айтуынша, оған укол салынбаған, тіпті парацетамол да берілмеген», - деді марқұмның анасы Алтынай Құлатаева.
Әйел тұңғышымен соңғы рет 31 қаңтар сөйлескенін есіне алды. Жас жігіт тамақ ауруына және жоғары температураға шағымданған. Анасының сөзіне сүйенсек, жас жігіт әскери бөлімде қайтыс болған. Оған фульминантты жедел менингококк инфекциясы диагнозы қойылды.
Әскери бөлім жігіттің мазасыздыққа шағымданғанын растады. Бірақ ол 2 ақпанда болған.
«2 ақпанда сағат 8.00 шамасында 6505 бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Рамазан Мейрамбекұлы жалпы әлсіздік пен өзін нашар сезініп тұрғаны туралы шағым түсірді. Санитарлық нұсқаушының қарауынан өткен әскери қызметші Абай қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілді. Медициналық тексеру кезінде әскери қызметшінің жағдайы күрт нашарлады. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Сағат 11.00-де дәрігерлер қатардағы жауынгер Жақыптың өлімін жариялады. Әскери қызметкердің қайтыс болу фактісі бойынша әскери тергеу органдары тергеу жүргізуде. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әскери қызметшінің өліміне фульминантты түрдегі жедел менингококк инфекциясы себеп болған. Біз оның отбасының және достарының қайғыларына ортақпыз», - деді 6505 әскери бөлімі бригада командирінің орынбасары Арман Сейітов.
Тергеу әскери бөлімге инфекцияның қалай түскенін анықтап жатыр. Қазір бөлімде карантин. Барлық байланыс жасайтын адамдар тексеруден өтеді. ЖРВИ белгілері бар жеті сарбаз ауруханаға орналастырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық