Қарағандыда полицейдің қатысуымен жол апаты болды
Қарағанды қаласында көлік тізгіндеп отырған полицейдің қатысуымен жол апаты орын алды, салдарынан бір жасар бала қайтыс болды. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Облыстық полиция департаменті жол апатының 19 қазан күні кешкі сағат 21:45 шамасында болғанын анықтады.
«Алдын ала ақпарат бойынша, 37 жастағы полиция қызметкері Mercedes автокөлігімен кезекті жұмыс күнінен кейін Республика даңғылымен үйіне қайтып бара жатқан. Ол Республика-Дүйсембеков көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның сары түсіне өтіп кетіп, 29 жастағы жүргізушісі бар ВАЗ-2114 автокөлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан ВАЗ-2114 автокөлігінің ішіндегі бір жасар бала алған жарақаттарынан көз жұмды. Автокөлік жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді» делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомствода атап өткендей, 37 жастағы Mercedes автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қарағанды облысының полиция департаменті марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық