Қарағандыда оқушы қызды зорлап, жүкті қылған бұрынғы имам қамауға алынды
Көрнекі сурет
Қарағанды облысында ауыл мешітінің бұрынғы имамы кәмелет жасына толмаған қызға сексуалды сипаттағы зорлық көрсеткен, салдарынан қыз жүкті болып, оған жасанды түсік жасалған. Ал оның ата-анасы бұл жағдайды біле тұра полицияға хабарламаған.
Қыздың молдадан жүкті болып, оған түсік жасалғаны туралы полицияға алғаш болып қарағандылық белсенді Айсұлтан Жақыпов хабарлаған. Бұл ақпаратты әлеуметтік желіде жазған да – Жақыповтың өзі.
Ол 25 қаңтарда өзінің Facebook парақшасында Қарағанды облысындағы ауылдардың бірінде "кәмелет жасына толмаған қыз ауыл имамынан жүкті болғанын" және қызға аборт жасалғанын", "ата-анасы бұл оқиғаны жасырғандықтан, полицияға өзі арыз түсіргенін" жазды. Бірақ ол заңға сай, тергеу аяқталғанша бұл оқиғаға қатысты басқа ақпаратты жариялай алмайтынын жеткізді.
"Күдікті ұсталып, қамауға алынды"
ORDA. тілшісі осы оқиғаның анық-қанығын білу мақсатында Қарағанды облыстық полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Департамент ақпаратты растап, оқиға қатысы бар деген күдікпен облыстың 40 жастағы тұрғыны қамауға алынғанын хабарлады.
Полицияның ORDA. редакциясына жіберген ресми жауабына қарағанда, блогер Айсұлтан Жақыпов жоғарыда аталған оқиғаны 2020 жылдың 31 желтоқсанында хабарлаған.
"Сол күні аталған хабарламаға байланысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы ("Зорлау") 4-тармағына сай қылмыстық іс тіркелді. Оқиға қатысы бар деген күдікпен облыстың 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір оқиға қатысы бар өзге де адамдар толық анықталды" делінген департамент хабарламасында.
Полиция ORDA. тілшісіне оқиға қатысы бар өзге адамдардың кім екенін айтпады. "Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сай, өзге ақпарат тергеу аяқталғанша жарияланбайды" деп мәлімдеді.
Заңда зорлаушыға қандай жаза бар?
Кәмелет жасына толмағандардың сексуалды зорлық-зомбылыққа ұшырауы – Қазақстан қоғамында жиі резонанс туғызатын оқиғалардың бірі. Infopublic.pravstat.kz сайтындағы дерек бойынша, елде 2020 жылдың алғашқы алты айында кәмелетке толмағандарға сексуалды зорлық жасағаны үшін 197 адам сотталған. Ал 2015 жылдан бері есептегенде 1868 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қоғамда кәмелет жасына толмағандарға жыныстық зорлық жасағандарды педофил деп атайды. Қазақстан заңдарында "педофилия" деген сөз жоқ. Дегенмен кәмелет жасына толмағандарға сексуалды зорлық жасағандар Қылмыстық кодекстің "Зорлау", "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері", "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" және тағы да басқа бабы бойынша жазаланады.
2019 жылдың соңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зорлау қылмысын жасағандарға жазаны күшейту туралы заңға қол қойған. Соған сәйкес, кәмелет жасына толмаған балаларға қарсы жасалған сексуалды сипаттағы іс-әрекет аса ауыр қылмыс түріне жатқызылып, қылмысы дәлелденген адамға 20 жыл немесе өмір бойы бостандығынан айыру жазасы енгізілді.
Бұдан бөлек, елде 2018 жылдың қаңтарынан бастап химиялық кастрация жасау туралы заң күшіне енген. Қылмыстық кодекске сәйкес, химиялық кастрация "кәмелетке толмағандарды зорлады" деген айып тағылып, қылмысы дәлелденген 18 жастан асқан адамдарға қолданылады.
2019 жылғы желтоқсанда Қазақстан ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті елде "Зорлау" бабымен сотталған төрт азаматқа химиялық кастрация қолдану үкімі орындалып жатқанын хабарлаған. Олардың мәліметінше, процедура жарты жыл уақыт алады. Бұдан бөлек, 2019 жылдың шілдесінде де "Зорлау" бабы бойынша сотталған бір адамға химиялық кастрация үкімі кесілген.
Жаңалықтар
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды
- «Крыша боламын» деп 30 млн теңге талап еткен ММА жаттықтырушысы ұсталды
- Парсы шығанағында тұрып қалған кемелер әлемді экологиялық апатқа ұшырата ма?
- Бесағашта мас ер адам көшеде қыздарға бейәдеп ұсыныс жасаған
- Астанада полиция қызметкері кәмпитке қақалған баланың өмірін құтқарды
- Елден жаппай ақша алып қашып жатқандар кім? ҰҚК мәлімдеме жасады
- Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты ма? Тұрғын үй нарығында жаңа өзгеріс байқалды
- Өз тойына келе алмаған жұптың тойы экран арқылы өтті
- Үйлену тойында пышақтап өлтірген: Ақтөбе облысындағы сұмдық жайт