Қарағандыда көпбалалы ана 122 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алған
Қарағандылық Дариға Қазанғапова мемлекеттен 122 теңге көлемінде атаулы көмек алған. Әкімдіктің айтуынша, олар көпбалалы анаға ақшаны дұрыс берген, ешқандай қателік болмаған.
31 арнаның хабарлауынша, Дариға Қазанғапова төрт баланың анасы ретінде мемлекеттен атаулы көмек алады. Жыл басында оған 125 мың теңге көмек берілген. Жазда Дариға жұбайымен үйде картоп егуді қолға алған. Шенеуніктер ол отбасының табысына әсер етеді деп, оларға жәрдемақы беруден бас тартқан.
Дариға мұндай шешіммен келіспей, жәрдемақы алуға қайта өтініш білдірген. Желтоқсан айында оған 122 теңге әлеуметтік көмек берілген.
Келіншек оны көріп, біраз таңырқап қалған. Ол қателік шығар деп, әлеуметтік қорғау бөліміне барған. Алайда, онда оған ешқандай қате кетпегенін айтқан.
«Одан да бермей-ақ қойғаны дұрыс еді. 122 теңгемен бізді мазақ қылғанша, сізге отказ келді деп айтса болатын еді. Енді мына 122 теңгеге бала-шағама не нан, не памперс әпере алмаймын. Үкіметтің нағыз мазағы ма, не енді бұл?» деді ашулы Дариға.
Әкімдіктегілер сома дұрыс берілгенін әлі де алға тартып отыр. Олардың айтуынша, отбасына басқа да көмек берілгендіктен, база 120 теңге есептеп берген.
«Әйелдің жолдасы еңбекпен қамту бағдарламасымен жұмысқа орналасты. Сондықтан оның жалақысы мен балаларға берілетін жөргекақысы бар. Сондай-ақ бұл отбасы екі әлеуметтік жолақы картасын қолданады. Осы себептерге байланысты 120 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Әр отбасының мүшесіне 20 теңгеден берілді» деді Қарағанды қаласы әлеуметтік төлемдер секторының меңгерушісі Лариса Харитонова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық