Қарағандыда балабақша тәрбиешісі балаларға қол көтерген
Скриншот
Қарағанды облысының Абай қаласында Наурыз мерекесін тойлау кезінде балабақша тәрбиешісі балаларға қол көтерген. Оның іс-әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
«Абай қаласындағы «Әдемі» балабақшасында келеңсіз оқиға орын алды. Видеоға тәрбиешінің топтағы балаларды желкесінен ұрып жатқан сәті түсіп қалды. Балалардың ата-аналары болған оқиғаны жария етуді ұйғарды. Тәрбиешінің ұлттық костюм кигеніне қарағанда, оқиға Наурыз мейрамын тойлау кезінде орын алған» делінген хабарламада.
Абай ауданының білім бөлімі оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Әдемі» балабақшасы жеке меншік мектепке дейінгі мекеме және Абай ауданының білім бөліміне бағынышты емес. Жеке меншік бақша 2021 жылдың ақпан айында ашылды, 550 орынға есептелген. Аталған факті бойынша комиссия құрылып, қарау қорытындысы бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады» деп түсіндірді білім бөлімі.
Сондай-ақ, видеожазба полицейлердің назарына іліккен.
«Жариялау фактісі бойынша қазіргі уақытта жәбірленушілерді және болған оқиғаның мән - жайларын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде» деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық