Қарағандыда 500 адамға той жасаған шенеунік жазаланады
Елімізде тез таралатын індеттің өршіп тұрғанына қарамай, Қарағанды облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов мейрамханалардың бірінде 500 адамға той жасаған.
Ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кетіп, шенеуніктің басы дауға қалды. Қарағанды облысы әкімдігі бұл фактіні растады, шенеуніктің іске қатысты жазаланатынын да атап өтті.
— Мемлекеттік қызметкерге қатысты арнайы тексеріс тағайындалады, карантиндік шектеулерді бұзу фактісі расталған жағдайда қызметінен босатуға дейін, ең қатаң шаралар қабылданады, - деді өңір әкімінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалова.
Оған қоса облыс әкімінің баспасөз хатшысы салтанатты шара санитарлық нормалардың бұзылуына байланысты тоқтатылғанын, ұйымдастырушыларға әкімшілік айыппұл салынатынын жеткізді.
— Барлық азаматқа індеттің өршуіне байланысты санитарлық талаптарды сақтау қажет екенін ескертеміз. Жауапты мемлекеттік органдар мәртебесіне немесе жұмыс орнына қарамастан, заңбұзушылықтардың жолын кесу үшін қатаң шаралар қабылдайды, - деді баспасөз хатшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық