Қарағандыда 2 айлық қар мөлшері 1 күнде жауды
2 ақпан мен 1 наурыз аралығында Қарағанды облысында апат салдарынан жолда қалған 129 адам құтқарылып, жылыту бекеттеріне 243 адам орналастырылды.
— Апта бойы облысымыздың солтүстік бөлігінде ауа-райы қолайсыз болды, қыстың соңғы күні қардың 2 айлық мөлшері жауды. Қазір барлық қызметтер жолдарды тазалауға жұмылдырылды. Жол және коммуналдық қызметтер, ТЖД құтқарушылары күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте мен сіздердің хабарламаларыңызды оқып, тиісті жұмыстардың жедел атқарылуына баса назар аударамын. Тек облыс орталығында ғана 300 - ден астам арнайы техника жұмыс атқаруда. Бірінші кезекте жолаушылар көлігі жүретін жолдар, аялдама павильондары, одан әрі аулалардың кіре берістері мен тротуарлар тазаланады, деп жазды облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook парақшасына.
Қазіргі таңда облыс жолдарында 24 мердігерлік ұйым, 230 арнайы жол техникасы жұмыс істеп, тәулік бойы қалалар мен аудандардың, оның ішінде ауылдық елді мекендердің әкімдерімен өңірлердегі ағымдағы жағдай туралы жедел ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
— Осы ретте қалыптасқан күрделі жағдайда алға қойылған міндеттерді ойдағыдай атқарып, адамдарға көмек көрсетіп жатқан барлық азаматтарға алғысымды білдіремін!, делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық