Қарағанды облысында аудан және екі көше атауы қазақшаланды

cover

Қарағанды ​​облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы бірлескен қаулысы мен «Қарағанды ​​облысының Қарағанды ​​және Балқаш қалаларының кейбір құрамдас бөліктерінің атауларын өзгерту туралы» Қарағанды ​​облысы мәслихатының шешімі қабылданды.

Атап айтқанда, Қарағандыдағы Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхан ауданы болып өзгертілді.

Балқаш қаласында Ленин көшесі Абай көшесі деп аталса, Абай көшесі Ынтымақ көшесі деп өзгертілді.

Бірлескен қаулы мен шешім 2022 жылғы 24 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар