Қарағанды облысында 20 наурыздан бастап карантин күшейтіледі
Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Приозерск қалаларында, Қарағанды облысының Абай және Ақтоғай аудандарында коронавирус ауруы орташа облыстық көрсеткіштен асып кетті. 20 наурыздан бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин хабарлағандай, шағын орталықтар жұмыс істемейді:
- жалпы білім беретін мектептерде орналасқан секциялар мен үйірмелер;
- банкет залдары;
- театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, цирк; мәдениет нысандары, оның ішінде дайындықтар;
- ата-аналарының өтініші бойынша 15 балаға дейін топтастырылған мектепке дейінгі балалар мекемелері (кезекші топтарды қоспағанда).
Демалыс және мереке күндері сауда үйлерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда желілерінің, көтерме-тарату орталықтарының, ауданы 2 000 шаршы метрден астам жеке тұрған азық-түлік емес дүкендердің жұмысы уақытша тоқтатыла тұрады.
Сондай-ақ сенбі және жексенбі күндері сауналар, СПА-орталықтар, массаж салондары, бассейндер (Ashyg пилоттық жобасы іске асырылатын нысандарды қоспағанда), жабық базарлар жұмыс істемейді. Жексенбі күндері ашық базарлар жұмыс істемейді.
Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс тәртібі шектеледі: олар 09:00-ден 20:00-ге дейін (30 орыннан аспайтын) жұмыс істейді, ал демалыс күндері қоғамдық тамақтандыру объектілерінің сауда орталықтарында, сауда желілерінде, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларда (жеке үй-жайларда) қызметі тоқтатылады. Азық-түлік корттары тек алып кету және жеткізу үшін жұмыс істей алады.
Сенбі және жексенбі күндері қалааралық облысішілік тұрақты жолаушылар тасымалы тоқтатылады:
- Қарағанды-Теміртау – Қарағанды;
- Қарағанды – Саран – Қарағанды;
- Қарағанды – Шахтинск – Қарағанды;
- Қарағанды – Абай – Қарағанды;
- Қарағанды – Шахан – Қарағанды;
- Қарағанды – Топар-Қарағанды.
Сабақтан тыс уақытта жеке оқытуға, оқушылардың covid-19 бойынша қолайсыз аймақтар мен елдерге, халықаралық спорттық жарыстарға, мәдени іс-шаралар мен олимпиадаларға, экскурсияларға шығуына тыйым салынады.
Ashyg пилоттық жобасы іске асырылатын объектілерді қоспағанда, қызметі жаңартылмаған объектілерге (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг-орталықтар) баруға, балалардың ойын-сауық орталықтарының (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар), батуттарға, кальян, букмекерлік кеңселердің жұмысына тыйым салынады.
Бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үй іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық