Қарағанды мен Теміртауда банк клиенттерін 40 миллион теңгеге алдағандар ұсталды
Сурет: ашық дереккөзден
Қарағанды мен Теміртауда банктің клиенттерін 40 млн теңгеге алдаған күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Қарағанды облыстық полиция департаменті.
— 18 мамырда Қарағандыдағы қаржы институттарының бірінің полиция қызметкерлері мен қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасы барысында қала орталығында орналасқан банкоматта 32 жастағы азамат ұсталды. Ер адам басқа біреудің банк картасын пайдаланып, жәбірленуші тараптың несие ретінде берген ақшасын алмақшы болып, алаяққа аударған. Тергеу барысында ұсталған азаматтан он миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді, - деді Қарағанды облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
Сонымен бірге, полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Теміртауда криминалдық полиция қызметкерлері тәртіп сақшылары оның сыбайласы ретінде 33 жастағы ер адамды ұстады.
— Қала тұрғыны серіктесінен 20 000 теңге ақы алып, банк картасын алған адамдарды тауып беру арқылы көмек көрсетіп, одан әрі пайдалану үшін картаны ұсталған азаматтарға тапсырып отырған, - деп түсіндірді ПД.
Полицейлердің мәліметінше, ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін департаменттің аумақтық бөлімшелеріне ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша төрт арыз түсіп, 40 миллион теңгеге жуық залал келтірілген.
«Тінту кезінде ұсталғандардан түрлі банктердің жеті төлем картасы, ұялы телефондар, флеш және сим-карталар, сондай-ақ интернет-роутерлер тәркіленді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп хабарлады полициядағылар.
Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық