Қарақалпақстаннан  Қазақстанға қарай өткізу пункті жабылды

cover Cурет: ашық дереккөзден

Өзбекстан Конституциясына өзгертулер енгізуге байланысты жұмадан бері шерулер өтіп жатқан Қарақалпақстандағы жағдай қазақ-өзбек шекарасына да  әсер етті.

Бүгін Қарақалпақстандағы өткізу пунктінің жабылғаны белгілі болды.

 «Өзбекстандық әріптестерден алынған ақпаратқа сәйкес, 1 шілдеден бастап ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Дәуіт-ата-Тәжен» өткізу бекетінде адамдардың, көліктердің және жүктердің өтуі уақытша тоқтатылды. Сол ақпаратқа сәйкес, «Қарақалпақстан» – «Бейнеу» бағыты бойынша теміржол қатынасын тоқтату жоспарлануда. Осыған байланысты көрсетілген өткізу пункттері арқылы Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін азаматтардан өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз»  делінген ҚР ҰҚК Шекара қызметінің хабарламасында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар