Қарақалпақстанда жағдай орнықты
news1
Нүкіс тұрғындары қазір қала көшелерінде (кеше мыңдаған адам Конституцияға енгізілген өзгерістерге қарсылық білдіріп, наразылыққа шыққан болатын) тыныштық орнағанымен, әр жерде әскерилер тұрғанын хабарлады.
Аты-жөнін атамауды сұраған Нүкіс тұрғындарының бірі бүгін Қарақалпақстан астанасында не болып жатқанын Orda.kz тілшісіне айтып берді.
— Қазір далаға шығу қауіпсіз, халық тарап кетті, митинг жоқ. Бірақ бәрібір әскерилер мен сарбаздар орталық көшелерге өтуге рұқсат бермейді, олар бүкіл жолды жауып тастады. Маған Ресейден таныстарым хабарласып, мұның бәрін, мына митингті біреулер басып алу үшін жасап жатыр дейді. Жоқ, бұл олай емес! Қазір бізге жан-жақтан қысым бар, – дейді ер адам.
Оның айтуынша, олар Конституциядан кез келген уақытта Өзбекстаннан бөлініп шығуға мүмкіндік беретін «егемендік» сөзін алып тастағысы келген. Ер адам көшеге тек Қарақалпақстанның егемендігін сақтау үшін шыққанын және наразылық үкіметті құлату немесе Өзбекстанды басып алу үшін болды деген айыптаулардың мүлдем шындыққа жанаспайтынын түсіндірді.
Бір күн бұрын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев республика аумағында 3 шілде мен 2 тамыз аралығында төтенше жағдай жариялады. Төтенше жағдай кезінде барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады, сағат 21:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Қазіргі уақытта Республика аумағына кіру және шығу шектелген.
Амиржан Мухаммед
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық