Қарақалпақстандағы наразылық: Мирзиёев Конституцияға енгізілген түзетулерден бас тартуды ұсынды
Сурет: ru.sputnik.kg
Қарақалпақстан көшелеріндегі митингілерден кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев облыс орталығы Нүкіс қаласына келді. Ол Жоғарғы Кеңес депутаттарымен өткен жиында заңның Қарақалпақстанның құқықтық мәртебесіне қатысты баптарын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.
1 шілдеде Өзбекстан Конституциясына Қарақалпақстанды өз тағдырын таңдау мүмкіндігінен айыратын түзетулер енгізіледі деген хабардан кейін автономияда толқулар басталды. 2 шілде күні де толқулар жалғасты.
Қала тұрғындарының айтуыншағ Нүкісте интернет өшірілген. Түс ауа орталық базарға халық жиналды. Полициямен қақтығыс болды. Тас лақтырылып, оқ пен жеңіл гранаталардың дыбыстары естілді.
Дәл осы кезде басқа қалаларда да адамдар көшеге шығып жатыр деген хабарлар шыға бастады. Көпшілігі Нүкіске баруды ұйғарғанымен, жол кедергілеріне тап болды.

Кеше толқуларға қарамастан Өзбекстан президенті Нүкіске барды деген бейресми ақпарат пайда болды. Кешке қарай ғана бұл ақпарат расталды. Өзбекстан басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың Telegram-каналында Мирзиёевтің Жоғарғы Кеңес депутаттарымен, аға буын өкілдерімен және Қарақалпақстан белсенділерімен кездесуі туралы жазба пайда болды.
— Жобада Қарақалпақстан Республикасының өзіндік этникалық-мәдениет ерекшеліктеріне, ұлттық салт-дәстүрлері мен құндылықтарына, оның ерекше құқықтық мәртебесіне назар аударып, Қарақалпақстан Республикасының құқықтық статусы туралы нормаларды өзгеріссіз қалдыру қажет деп есептеймін. Атап айтқанда, Конституцияның 70, 71, 72, 74, 75-баптары өзгеріссіз қалдырылды, — деді Шавкат Мирзиёев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық