Қарақалпақстанда төтенше жағдай жарияланды
Сурет: Makan.uz
Шавкат Мирзиёев республика аумағында 3 шілде мен 2 тамыз аралығында төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі Өзбекстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Президент Жарлығымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында Қарақалпақстан Республикасы аумағында сағат 00:01-ден бастап төтенше жағдай режимі енгізілді. 2022 жылғы 3 шілдеден 2 тамыз 00:00-ге дейін» делінген хабарламада.
Ал осы уақытта алаңға шыққан адамдарға қарсы қару мен жеңіл дыбысты гранаталар қолданылғаны хабарланды.
Таралып жатқан бейнежазбалар мен фотосуреттерге қарағанда, көптеген адам зардап шеккен. Алаңда жарылған снарядтардың қаптамалары әр жерде шашылып жатыр. Кейбір деректерде 20 адам қаза тапқаны айтылады. Бірақ бұл туралы нақты расталған ақпарат жоқ.



Төтенше жағдай кезінде барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынып, сағат 21:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілетіні хабарланды. Республика аумағына кіру мен шығуға шектеу қойылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық