Арқалық фабрикасының жұмысы жанданды
Арқалық қаласында жұмысы тұралап қалған «Агроинтерқұс» ЖШС жұмысын қайта жандандырды, деп хабарлайды ORDA тілшісі.
Арқалық қаласындағы кәсіпорын «Агроинтерқұс» ЖШС құс тұмауы тарағандықтан жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Кәсіпкерліктің қызметі қайта қалпына келгенге дейін кемі бір жыл қажет болған.
Облыс әкімінің айтуынша, Арқалық құс фабрикасының қызметі қайта жанданды.
«Құс тұмауына қарсы ветеринариялық жою іс-шаралары уақтылы жүргізілді. Фабрикаға жаңадан балапандар әкелінді. Жақын арада дүкендерде Арқалықтың сапалы және қолжетімді жұмыртқасы пайда болады. Бұған уәде етемін. Жалпы құс фабрикасын жаңғырту және мал шаруашылығы кешенін салу бойынша АӨК саласында 2 жобаны қолға алып отырмыз. Қостанай ауданында қуаты жылына 2 мың тоннаға дейін бройлер етін өндіретін агроөнеркәсіптік кешен іске қосылды», - деді Архимед Мұхамбетов халыққа есеп беру кездесуінде.
1970 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Арқалықтағы құс фабрикасы 1992 жылы тоқтатылып, 2008 жылы қайта ашылды. Кәсіпорнында 220 адамға жұмыс істеп, жылына 120 млн дана жұмыртқа өндіріп, нарыққа шығарып келеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық