Ақын Балтабек орыс тілін ұлықтап, өлең шығарды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «темірқазыққа» теңеген ақын Балтабек Нұрғалиев орыс тілін насихаттау мен ұлықтау мақсатында өлең шығарды.
Өлең ақынның Facebook парақшасында жарияланды.
Балтабек Нұрғалиев өлеңді екі тілде шығарды: орыс және қазақ тілінде.
«Русский язык – моей мечте крылья,
Ты всегда спасаешь меня от бессилья.
О, Русский язык,
Как всегда ты велик!
В твоём богатстве мир постиг,
Прочитал много книг!
И если мне запретят на русском петь,
То я готов сегодня сгореть.
Русский язык – ты моя душа, ты мой луч,
С тобой я всегда могуч.
Живи вечно, русская речь,
Мы должны тебя как святыню беречь»
делінген өлеңнің орыс нұсқасында.
«Орыс тілім, жасай бер, орыс тілім,
Мен өзіңді білуге борыштымын.
Орыс тілін білмесем егерде мен,
Түсінбес ем өмірде көп іс түбін.
Орыс тілім – қанатым қалықтаған,
Орыс тілде сөйлесем, шабыттанам.
Орыс тілі – көркем тіл, әдемі тіл,
Ұлылығын айтудан жалықпағам.
Орыс тілде ән айтам, тыйым салма,
Өзім білем мен оған сыйынсам да.
Орыс тілі – жанымның шамшырағы,
Орыс тілмен шешілер қиын шаруа.
Орыс тілсіз ұқпаспын замандарды,
Әлемдегі хаттарды, хабарларды.
Сүюге де міндеткер емеспін мен,
Орыс тілін сүймейтін адамдарды» делінген қазақ нұсқасында.
Оқырмандардың көбісі бұл өлеңді орынсыз әрі қазақ тілінің дамуына қарсы бағыт деп есептейді.
Еске салсақ, 2023 жыл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы аясында орыс тілі жылы деп жарияланды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық