Ақтөбедегі әскери бөлімде жауынгердің жағын сындырған
Ақтөбедегі әскери бөлімде қатарласының жағын сындырған жауынгерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 18 жастағы сарбазды өңірдегі әскери гарнизонның тәртіп сақшылары тергеп жатыр, деп хабарлайды КТK.
Жәбірленуші мен оны соққыға жыққан жігіт Ақтөбедегі артиллерия және ракета бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуде. Жыл басында Ақтаудағы бөлімнен осында ауыстырылыпты. Кезекшілікте жүрген жауынгерді қатарласы алғашқыда түйіп өтіп, кейін бөлек бөлмеге апарып аяусыз соққыға жығады. Басынан жарақат алып жағы сынған сарбазға әскери бөлім басшылары дер кезде көмек бермепті. Тек есінен танған кезде ғана госпитальге емес, облыстық ауруханаға жеткізген. Онымен қоймай, дәрігерлер тәртіп сақшыларын шақырғанда әскери бөлім басшыларының бірі әлсіреп жатқан сарбазды кері алып кетпек болады. Қазір әскердегі әлімжеттікті жасырмақ болғандарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Командирлерге қандай шара қолданылатыны белгісіз. Өйткені әзірге тек қатарласын ұрған жауынгерге іс қозғалды.
- Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әскери полиция тергеп жатыр. Жарақат алған жауынгер Алматы қаласындағы госпитальде емделіп жатыр. Оның сол жағы сынып, дәрігерлер операция жасаған. Қазір жағдайы тұрақты. Оның әскери борышын өтеп, үйіне қайтуына әлі сегіз ай бар, - деді 30238 әскери бөлімі командирінің орынбасары Ринат Шәріпов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық