Ақтөбеде қоқыстан табылған өлі сәбидің анасы сотталмайды
Ақтөбе облысының полиция департаменті жаңа туған сәбиінің денесін қоқысқа тастап кеткен анаға қатысты сот болмайтынын хабарлады.
2022 жылдың қазан айында Ақтөбе облысындағы Рождество-Дон тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Өлген нәресте пакетке оралған күйде жатты.
Содан кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы «Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алайда, 19 сәуірде полиция бұл істің жабылғанын хабарлады, деп жазды Диапазон.
«Бұл іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ол баланың өлі туылғанын анықтап, осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы «Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру» бойынша қылмыс құрамы табылмай, іс тоқтатылды» деп Ақтөбе облыстық полиция департаменті хабарлады.
Жаңалықтар
- «Ердоған қайтыс болды» деп материал жариялағаны түрік журналистері ұсталды
- Қазақстандық әпкелі-сіңлілі қыздар БАӘ-де қаза тапты: Отбасы олардың денелерін елге жеткізуге тырысып жатыр
- Жамбылда полиция подполковнигі есірткі саудасы үшін сотталды
- Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген
- Трамп түн жарымда қызметкеріне қоңырау шалып, Тоқаевқа сәлем жолдаған
- Тоқаев Құрылтайдың тұңғыш сессиясын өткізуге қол қойды
- Ат байлаған арқанға ілініп қаза тапқан қызға қатысты оқиғаның жай-жапсары белгілі болды
- Пашинян: «ҰҚШҰ бітімгерлері Арменияға кірмейді»
- Оралда «тентек кәде» сұраған «әртістің» тісі үгітіліп, қабырғасы сынды
- Жатақханаға 100 мың теңге өтемақы кімдерге беріледі?
- Алматы облысында екі баланың анасы көлік қағып қаза тапты
- Отандық баскетболға 100 жыл: Тоқаев FIBA президентін қабылдады
- Бірі қабірде, бірі мүгедек: Екі адамды қаққан 21 жастағы жүргізушіге апелляция сот шешімі қандай?
- Алматыдағы электр өшуіне Канье Уэсттің қатысы жоқ – Энергетика министрлігі
- Атырау МӨЗ-де өрт шықты
- Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның ұлы ұсталды
- ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді
- Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Қазақстанда көмір тапшылығы болмауы үшін үкімет ЖИ-ге жүгінеді
- «Сұңқар» трамплиндері ісі: Алматы соты Ерлан Сариевті ақтады