Ақтөбеде мұғалім сабақ үстінде ер баланың шашынан жұлқылап, бантик таққан
Жұмыстан шығуға өз еркімен арыз жазған ауыл мектебінің мұғалімі жазадан құтылып кетті.
Жасөспірімнің шашынан тартып жатқан ұстаздың суреті әлеуметтік желіде тарап кетті. Орыс тілі пәнінің мұғалімі сабақ үстінде шашын ұстап отырған оқушыны өзінше жазаламақ болғанға ұқсайды.
Оқиға 7 желтоқсан күні Ақтөбе облысы Темір ауданына қарасты ауыл мектебінде тіркелді. Ашуланған мұғалімнің ер баланың шашынан жұлқылап, тақтаға шығарғанын және бантик тағып қойған сәтін қатарластары түсіріп алған. Мұғалімнің әрекетіне ызаланған оқушы анасына сол сәтте жылағысы келгенін айтып, орыс тілі сабағына барудан бас тартқан.
- Балам бұрын орыс тілі сабағынан жақсы болатын. Мұғалімі ауысқаннан кейін бұл сабаққа барғысы келмей қалды. Апайының ұрыса беретінін айтты. «Ештеңе етпейді, апайыңмен достасып ал» деп аса мән бермедік. Өткен аптада балам орыс тілі сабағына енді қатыспайтынын айтты. «Маған апайдың не істегенін білесің бе? Балалардың көзінше шашымнан тартып, бантик тақты. Маған бәрі күлді. Жылағым келді...» деді. Үндей алмай қалдым,- дейді оқушының анасы.
Мектепке баласының сөзін жеткізіп, жағдайды сұраған анасынан мұғалімі кешірім сұрайды. Мектеп басшылығы білім ордасында мұндай жағдайдың бірінші рет тіркелгенін, мұғалімнің басқа жақтан келген маман екенін айтады.
- Үйге келгеннен кейін танысымнан сабақ кезіндегі видео келді. Оқушылардың бірі түсіріп алған. Оны көргенде аяқ-қолым дірілдеп кетті. Ондай сұмдық болды деп ойламаппын. Тақтаның алдында баланың шашын күштеп тартып тұрған, бантик таққаны видеода бар. Суретте де баланың шашын тартып, тақтаға жақындатып тұрғаны көрінеді. Ол кісі әрі қарай мұғалім болмай-ақ қойсын. Статьямен жұмыстан шығаруды сұрадым, - дейді оқушының анасы.
Ал Ақтөбе облыстық білім басқармасы оқушының шашынан жұлқылаған мұғалімнің өз еркімен арыз жазып, жұмыстан кеткенін хабарлады.
- Мәселе белгілі болғаннан кейін ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Балалардың тәртібі, мұғалім мәселесі қаралды. Аудандық білім бөлімі тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізілді. 9 желтоқсан күні пән мұғалімі өз еркімен жұмыстан шыққан, - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық