Ақтөбеде мектеп есепшісі 400 миллион теңгеге жуық ақшаны құмар ойынға салып жіберді
Есепшотына күнара 100 мың теңгеден ақша аударып отырған мектеп қызметкерінің әрекеті алты жылдан кейін әшкере болды.
Ақтөбе қаласындағы №55 мектептің бас есепші 389 миллион теңгеден аса қаржыны заңсыз иеленген.
– Жағдайға қатысты мектептің осыған дейінгі және қазіргі директорларынан шағым түсті. Кейін аталмыш білім ордасында аудиторлық іс-шара жүргізілді. Мекеменің бас есепшісі нақты істелген уақыт үшін төленетін тиісті еңбек ақысынан артық қаражат аударғаны анықталды. Есепшотына жалпы сомасы 389, 2 млн теңге артық төленгені белгілі болды. Аталған заң бұзушылық бойынша департамент тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады, – деді Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Сәкен Қасымов.
Құзырлы мекеме мектеп директорының салғырттық танытқанын айтады. Электрондық цифрлық қолтаңбаны өзі иемденген есепші айына оншақты рет өз есепшотына ақша аударып отырған.
Белгілі болғандай, есепші өзіне 2018 жылы 12, 2 млн теңге, 2019 жылы 18, 4 млн теңге, 2020 жылы 35,1 млн теңге, 2021 жылы 83, 2 млн теңге, 2022 жылы 208, 7 млн теңге, 2023 жылы 31,3 млн теңге артық еңбекақы алған.
Жағдай облыстық мемлекеттік ішкі аудиттың бақылауында.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық