Ақтөбеде екі бала өрттен қаза тапты
21 сәуірде Ақтөбеде жеке үйлердің бірінде өрт шығып, кәмелетке толмаған екі бала қаза тапты.
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жеке тұрғын үйдің ас үйі, дәлізі, одан кейін шатыры өртенген.
Төтенше оқиға орнынан кәмелетке толмаған екі баланың, 10 жасар ұл мен 4 жасар қыздың мәйіті табылды. 1954 жылы туған әйел жансақтау бөліміне жатқызылды.
«21 сәуір күні сағат 4.08-де 112 пультіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Жангелдин көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам мен үш техника жұмылдырылды. Қоңырау шалған жерге жеткенде жеке тұрғын үйдің ас үйі мен кіреберісі, шатырға өтпелі тұстан өрт шыққаны анықталды. Өрт орнынан екі баланың мәйіті табылды. 1954 жылы туған әйел жансақтау бөлімінде жатыр» деп хабарлады Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Үйде әйел мен екі баладан басқа тағы екі ересек адам болған. Өрт 4:41-де оқшауланып, 4:49-да толығымен сөндірілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық