Ақтөбеде биыл сайланған 40 жастағы депутат қамауға алынды
Қобда аудандық мәслихатының депутаты Асылбек Нұргелдинге мемлекеттен 457 млн теңгені заңсыз иеленді деген айып тағылды.
Ақтөбе облысында жоқ малға заңсыз субсидия алған Асылбек Нұргелдин биыл депутат атанған. Қылмыстық іске қатысты Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Депутаттың 5 мамыр күні қамауға алынғаны белгілі болды.
«Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылдың 5 мамырындағы қаулысымен Қылмыстық Кодекстің 190 бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген, яғни, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдіктелген азаматқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеу органдарының өтініш хаты қанағаттандырылды» деп хабарлайды Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.
Депутатқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 3 шілдеге дейін санкцияланған.
Белгілі болғандай, ол жоқ малға «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша субсидия алған. 600 ірі қара малға есептелген субсидия көлемі 457 млн теңге болды.
«Қобда аудандық мәслихатының депутаты Асылбек Нұргелдин Қобда селосы №4 сайлау учаскесінен сайланды. Қазір анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Сот шешімін күтеміз, соған байланысты шешім қабылданады. Биыл 19 наурызда сайланған депутат» деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіпов.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық