Ақтөбеде азық-түлік дүкеніндегі адам өлімі видеоға түсіп қалды
Кісі қолынан қаза тапқан ер адам дүкенге қарыз болған. «Жетім баланың сұрауы жоқ демесін» деген достары қылмыстық істі құзырлы орындардың қатаң бақылауға алуын сұрайды.
Ақтөбе қаласы Есет батыр ауданындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде 31 жастағы жігіт кісі қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиға 3 мамыр күні күндіз болды. Жан тапсырған жігіттің денесін дүкеннен шығарып тастаған екі адамның әрекеті видеоға түсіп қалған. Марқұмның достары оның азық-түлік дүкеніне қарыз болғанын айтты.
«Марқұм Ұзақ Нығметовпен кішкентай кезден балалар үйінде бірге өстік. Сол күні танысымның келіншегі хабарласып, суық хабарды естіртті. Негізі бәріміз бір аулада мемлекеттен алған баспанада тұрамыз. Қолымда қазір оқиғадан кейінгі видео бар. Денесін дүкеннен шығарып, отырғышқа қойып кетті. Оқиғаның қалай болғанын нақты білмеймін. Сол дүкенге аздап қарызы болды. Соған байланысты сөзге келіп қалуы мүмкін. Қасында болған баланың айтуынша, оны дүкен иесінің өзі қоңырау шалып, шақырып алады. Мұздатқышты жылжытып жіберуге көмектесуді сұраған. Дүкенге бірінші кірген Юраны ұрып, талдырып тастаған. Ол есін жиғанда Ұзақтың сұлық жатқанын көргенін айтты. Оның құлағы сынған, бет-аузы қан, көзі ісіп кеткен», - деді марқұмның досы Талғат Сүгіров.
31 жастағы Ұзақ Нығметов балалар үйінде өскен. Тұрақты жұмысы жоқ. Үйленбеген. Соңғы кезде Орал қаласындағы мал ауылда аспаз болып жұмыс істеген.
«Ақ көңіл, тек күліп жүретін. Біреуге зиянын тигізгенін көрген жоқпын. Жақында ғана «Ақтөбеден жұмыс таптым, құрылыста істеймін» деп қуанып жүрді. Осындай жағдай болды. Енді дүкені бар, ақшасы бар адамдар жазасыз қалмаса екен. Кінәлілердің жазалануын талап етеміз. Жетім бала, артында сұрауы жоқ болмасын. Досымның денесін алуға мәйітханаға келіп тұрмыз. Туыс ағасын тауып алдық. Сол үйде садақасын өткізіп, ертең шығаруы болады», - деді досы.
Оқиғаны Ақтөбе облыстық полиция басқармасы растайды. Күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.
«Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Күдікті уақытша үстау изоляторына қамалды» деді облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық